Мәдени мұра ұлттық стратегиялық жобасы – Қазақстандағы көркем білім беруді жетілдірудің негізі

DSpace/Manakin репозиторий

Мәдени мұра ұлттық стратегиялық жобасы – Қазақстандағы көркем білім беруді жетілдірудің негізі

 

Бұл жинаққа 2010 жылы 21 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Астана қаласының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде Қазақстанда көркем білім беруді жетілдірудің жолдарын саралауға арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияда тыңдалған баяндамалар мен бейнелеу өнерін оқыту мәселелеріне байланысты ғалымдардың тың материалдары еніп отыр. Конференцияны аталған оқу орнының «Жас суретші» зертханасы, Астана қаласының білім басқармасы және Астана қалалық білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты бірігіп № 61 орта мектепте өткізді. Ғылыми конференция Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жастарға ұлттық тәрбие беру, оқытудың жаңа технологияларын қолдану, бейнелеу өнерін оқытудың қазіргі өмір талабына байланысты өзекті мәселелерін зерделеуге бағытталды. Конференция материалдары ғылыми ізденушілерге, оқытушыларға және жалпы оқырманға арналған.

Последние добавления

  • Рамазанова Динара (2012-12-25)
    Бейнелеу өнері – бұл адамның әлемді, өмірді қабылдау әрекеті мен оны өзінше мазмұндауы, түсіндіруі, көркемдеуі.
  • Малгаздарова Любовь Искаковна (2012-12-25)
    Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады.
  • Ахметжанов М.М (2012-12-25)
    Ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы ...
  • Буянжарғал Еркежігіт (2012-12-25)
    Біз тасқа қащап салынған суреттерге қарап бейнелеу өнерінің бастауы сонау адам баласы пайда болған кезбен бірге жасасып келе жатқанын байқаймыз.
  • Кумарова А.Т. (2012-12-25)
    Для того чтобы успешно заниматься композицией и развивать свои творческие способности, необходимо не только наблюдать и изучать окружающую действительность, но и знать научные основы композиции, а это значит, научные ...