Abstract:
Gagea Salisb. - Liliaceae тұқымдасының түрлерге бай туысының бірі. Бұл туысқа 250-300-ге жуық түрлер жатады [1,2] және көп түрлері өткен он жыл барысында сипатталған [3-16]. Левичев сипаттама берген оннан аса жаңа түрлер Қазақстан жерінде де өседі, көбнесе Батыс Тянь-Шань тауларында [17]. Gagea туысы Еуразия континентінің қоңыржай және субтропикалық белдеулерінде таралған, тропикалық және мәңгі тоң аумақтарда кездеспейді. Осындай үлкен кеңістікте түрлердің таралуы едәуір ауытқиды. Таулы аймақтарға қарағанда жазықты жерлерде аз таралған. Көп түрлердің саны Батыс Тянь-Шань мен Памир-Алайда тіркелген. Бұл екі таулы аймақ Gagea тусының алуан түрлері таралған орталық болып табылады [18].
Gagea туысының өкілдері – эфемероидты дамитын ұсақ пиязшықты геофиттер. Көп уақыт топырақ астында жатады. Қысқа мерзімді тіршілік ұзақтығы (2-4 ай) ерте көктемде басталып, жылдың ылғалды кезеңіне байланысты қолайлы уақытқа дейін созылады. Барлық Gagea түрлері олиготермдер және мезофиттер. Өте құрғақ аймақтарда жеке түрлер ксероморфты қасиет көрсетеді.