Abstract:
Кеңес ҥкіметінің солақай саясатының қыспағына алынған ХХ ғасырдағы қазақ ҽдебиетіндегі «Қарагҿз» трагедиясындағы Мҿржан, «Ақан сері – Ақтоқтыдағы» Науан Хазірет сынды бірқатар тарихи тҧлғаларымыз кҿркемдік шындықтың шеңгеліне оратылып, ҿнер ҿресінен тиісті бағасын ала алмай, бҧрмаланып суреттелді. Сондай образдардың бірі – Мҧхтар Ҽуезовтің «Абай жолы» романындағы Қҧнанбай бейнесі. Кҿшпелілердің соңғы кҿкжалдарының бірі, «қарадан шыққан хан» атанған Қҧнанбайға ҽдеби кейіпкер ретінде берілген баға оның ҿз ҿміріндегі іс-ҽрекетіне, ақыл-ойына, қол қайратына кҿрсетілген қҧрметтен гҿрі ҽлдеқайда пҽс ҽрі кҥрделі, тіпті ҽділетсіз кҿрінетін де тҧстары бар. Романда Қҧнанбайдың тек кҿлеңке жағы қамтылып, кҥнгей бетінің жылуы қалыс қалған. Кейде феодалдық дҽуірдің қарауылынан қарағанда шындыққа сыйымды, тіпті солай істеуге тиісті, ҽділетті шешім-ҽрекеттерінің астары аударылып, теріс кҿмкерілген. Автор тарихи шындықты белінен басып, ҿз ыңғайына қарай иген. Бірақ «Қҧнанбайға» жасаған бҧл «ҽділетсіздігі» ҥшін жазушыны айыптау жҿнсіз. Қыр қазағының бойындағы барлық қатыгездік пен кертартпа мінезді Қҧнанбайдың қара басына ҥйіп-тҿккеннің ҿзінде «Абай» романына «феодализм жырын жырлаған жоқтау дастаны» деп баға берген, «автор патриархалды-феодалдық қоғамды келер ҧрпаққа ҿмір сҥрудің ҥздік ҥлгісі есебінде ҧсынады», - деп М.Ҽуезовті қудалаған сыншы қауым романдағы Қҧнанбай бейнесінен сҽл
ғана жақсылық сҽулесін байқаса, қандай ҥкім шығарарын болжау