Abstract:
Қазақстан Республикасы нарық жағдайындағы адам капиталын қажет ететін қоғамның жаңа сапасына енді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ӛзгерістер білім беру саласына әсерін тигізбей қоймайды. Бұл мамандар дайындаудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жүзеге асыруды талап етеді, оның мазмұны үнемі ӛзгеріске ұшырайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайда тиімді әрекет етуге дайын болатын, шығармашыл, кәсіби ұшқыр, ӛзін-ӛзі дамытуға және жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.