Abstract:
Соңғы жылдары ғалымдардың дәлелдеуінше пектиннің адам ағзасының ӛмірлік қызметінде
аса бағалы компонент екенін, әрі ӛзінің құндылығы жағынан пектин гемоглабин ӛндірісіндегі
ауыстырылмайтын зат, хлорофилге ғана орын беретіндігі анықталды. Пектинді заттардың
организмнің қолайсыз экологиялық факторларға қарсыласуын арттыру, организмнен улы заттарды,
сондай-ақ ішек-қарын жолы ауруларын емдеуге, зат алмасуы бұзылған кезде және дәрі-дәрмектің
зиянды жанама әсер еткен кезде емдік әсер ету үшін тиімді құралы болып табылады.