Abstract:
Психология ғылымының көмегіне сүйенудің әрбір жеке тұлға үшін маңызы ерекше.
Себебі, адам белгілі бір қоғамның мүшесі бола отырып, өмірден өз орнын табуға,
тіршілікті қадірлей білуге, оның мән-мағынасын терең тануға ұмтылады. Осы ұмтылыс
маңайындағы оны қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынас орнатуға, соған сай мінез
қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сөйтіп, тұлға күрделі тұрмыстың түрлі
жағдайларын басынан кешіре бастайды. Осы жерде сенім телефоны- психологиялық
жәнеәлеуметтік маңызды қызметтердің бір түрі ретінде осындай мәселелердің шешімін
табуға көмектеседі. Сондай ақ, кеңесші-маманмен анонимді телефонмен әңгіме жүргізу
мүмкіндігін ұсынады. Сенім телефонының кәсіби әрекетінің эффективтілігі контент-
талдам әдісінің көмегімен сараптамалық бағалаудың обьективтік көрсеткіштерімен
анықталды. Осы тақырып сенім телефонындағы кеңес берушінің кәсіби және тұлғалық
сапалары кеңес берудің сәтті әрекетінің нәтижесіне әсерін тигізетінін көрсетіледі.