Abstract:
Қиын және дағдарыстық жағдайлар кез келген әлеуметтік құрылымның немесе
жеке адамның өмірінде кездеседі. Кейде дағдарыстар қатты бұзушылық сипатта көрінеді.
Оларды жеңу үшін немесе қалай дегенмен бұзушылық салдарын азайту мақсатында
қолайлы амал-тәсілдерді қолданған жөн. Қиын немесе дағдарыстық жағдай – субъект өз
өмірінің ішкі қажеттіліктерін (мотивтер, ұмтылыстар, құндылықтар т.с.с.) жүзеге асыра
алмауына тап болған кездегі жағдай екендігін атап өткен дұрыс