Abstract:
Жастарға моральдық білім беру және нығайту бүкіл әлем бойынша жүргізіліп жатқан білім беру реформаларының жалпы сипатына айналды. Бүгінгі күні жастарға берілетін моральдық білім беру сипаты әлемдік деңгейде елеулі өзгерістерге ұшырап жатыр. Сол себепті мақалада жалпы моральдық білім ұғымына және оның шығу тегіне тереңірек үңіліп, анықтама беріліп, шетелдегі жастарды моральдық тұрғыдан тәрбиелеудің қазіргі заманғы үрдістері зерделенген. Сонымен қатар, оның болашақтағы даму үрдістері мен моральдық білімді жақсарту тұрғысына да сараптама жасалды. Моральдық білім беруді әр ғалым түрлі бағытта зерттеп, қоғамтану, психология, педагогикалық білім беру және дінтану ғылымдарымен байланыстыра зерттеп, мақалалар жазылып, еңбектер жарық көрген. Аталмыш үлгілердің пайдалы тәжірибесінен сабақ ала отырып, біздің жасөспірімдеріміздің моральдық тәрбиесіне неғұрлым ұтымды және қазақы менталитетке сай тұстарын ұсыну мақаланың басты мақсаты болып табылады. Аталған тақырып Қазақстанда аз қарастырылған, сол себепті де тақырып өте маңызды әрі күрделі.