Abstract:
Бұл мақалада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың Германиялық тәжірибе қарастырылған. Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық процестерді стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлау үндестігін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Мемлекеттік сатып алудың тағайындалуы орталық және жергілікті басқару органдары мен мекемелер, мемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыру және оларға берілген қызметтерді орындау болып табылады. Осы аталған мәселелер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың тиімді әдістерін және механизмдерін қажет етеді.