Abstract:
Алаш қозғалысының тарихи мәні мен зиялыларының атқарған қызметі туралы аз жазылып жүрген жоқ. Бұл күнде бір нәрсе туған айдай анық: алаштықтар қазақтың ойы озық, мұраты бұқарашылдық азаматтарын бір мақсаттың маңына- ӛзге елдің қолтығында жүрген қор жұртын азат елдің қатарына қосу мақсатына топтастырып, ел тарихында тұңғыш рет республикалық мемлекет құра білді. Алаш автономиясының ӛмірі қысқа болғанымен, еліміздің тарихында елеулі із қалдырды. Сол Алаш автономиялы республикасын құруға алғаш жол ашқан саяси және рухани күрестің ірі кӛсемі, қайраткері - Әлихан Бӛкейхан. Бір қызықтысы, Алаш зиялылары ӛз тұсында оны кӛсем деп таныған және құрмет кӛрсеткен. Соның бір айғағы – А. Байтұрсынұлының «Досыма хат» деген ӛлеңіндегі мына бір жолдар: Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай!