Abstract:
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы ғылыми-зерттеу мақалалардағы әдеби-теориялық ой-пікірдің ізденістері мен іркілістерін саралағанда, бұл кезеңде әдеби-теориялық білімдер жүйесінің жоғары болғанын, күрделі теориялық мәселелерге қалам тарта алғанын кӛре отырып, А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінің тақыр жерде пайда болмағанын байқаймыз. Сыншылдық және әдеби мұра туралы ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-жазушыны, не болмаса белгілі бір кӛркем шығарманы сӛз ету барысында әдеби-теориялық ой-пікірді жетілдіре түсті. Ұлттық әдебиет тарихын зерттеп тануға деген әдеби-тарихи ой-пікірдің құлшынысы, қалыптасу кезеңіне қадам басқан әдебиет сыны күрес үстінде сапалық та, сандық та жағынан кӛркейе бастаған қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін ғылыми сӛз етуді күн тәртібіне шұғыл қойды.