21
&21. Өнер идеологиялық
туынды.
Қоғамдық өмірдегі өнердің орны мен оның атқаратын қызметін анықтау
белгілі бір дәрежеде оның идеологиялық табиғатын білу қажет. Осы жағдайды
анықтау барысында, мына екі жағдай сақталу қажет: бір жағынан, өнерді
идеологиядан бөлу, екіншісі – оларды біржола біржақты айыру. Өнер мен идеология
– тарихи реттегі құбылыс. Дегенмен өнер – идеологиядан бұрын пайда болады, ол
тіпті алғашқы дәуірде, адамның ең бастапқы өмірге келу кезеңінен басталады.
Идеология – саяси жүйе есебінде және діни, религиялық эстетикалық тұрғыда сол
эстетикалық идеалға ауысып отырады. Ол көркемдік шындықтан алшақ кетпейді, ол
өмірдегі шындық жүйеден ауыиқымайды, ол барлық уақытта сол таза шындықпен
байланысты болады. Жалпы эстетика саласында өнер мен мораль арасындағы қатынас
ең негізгі бір мәселе болып келеді. Эстетикада бұл жөнінде негізгі үш жоба бар:
Бірінші: моральдық деп белгілеуге болады, ол өзінің осы атын сонау
антикалық өмірден Платон кезінен алған, оны кейіннен қолдап, осы атпен
қалуына ат салысқан Руссо мен
Л.Н.Толстой өнерге моральдық
тұрғыдан қарау шектеулі әрі біржақты тұрғыда болып келді, ол өнерді жете
бағаламады. Дегенмен осы моральдық жоба өнерге өзінің әсерін тигізгені анық.
Екіншісі: имморалдық - ол өнерді моралдан бөлектеуге әрекет жасауымен
белгілі. Алғашқы рет ол антикалық қоғамның жойылу кезінде пайда болған, содан
дәуірлеген капитализмде эстетикалық ой-өрісі дамып, жолға түседі. Жоғарыдағы
моральдық жіне иморалдық көзқарастар мен өнердің қарым-қатынасында үшінші
концепция дүниеге келді. Ол олардың біріккендігін анықтады. Өнер мен моральдың
ажырамайтындығы олардың өзіндік құрылымдарынан аңғаруға болады. Өнер, жоғарыда
айтылғандай өзіне бүтіндей бір байланыстағы адамды, өзімен соншама бай
байланыстағы, оның осы өмірмен байланысымен бірге. Моральдың негізгі жұмысы –
адамдармен арадағы қарым-қатынас саласы. Ондағы негізгі атқарар міндеті қоғамда
адамдардың бір-біріне деген байланысын реттеу, олардың жалпы қоғамдық жүйедегі
қатынастарын реттеу. Осыдан барып олардың: өнер мен моральдың ажырамайтындығы.
Өнер шындықты бейнелей отырып, сөзсіз қоғамда болып жатқан барлық жағдайларды
сол қалпында көрсетуі керек. Адамның жан дүниесіне кіріп оның көңіл-күйін,
мінезін, моральдық нормасын, көзқарасы мен мақсатын ашық көрсетуі қажет.
Сондықтанда өнерді - “адам
қасиетінің айнасы” деп айтады. Қарама-қарсы байланыстылық пен органикалық
байланысу өнер мен мораль арасында жалпы заңдылық - этикалық диалектиканы тудырады. Бұл айтып отырған
этикалық, эстетикалық диалектика адамның шындыққа қатынасын оны тануды әрі
бағалауды бағыттайды. Ол екеуі адам шығармашылығындағы реттеуші рөлін атқарады.
Этика мен эстетиканың біртұтастығы мен олардың бір-бірімен қатынасы өте ерте
кезден белгілі. Сондықтанда халық арасында қалыптасып кеткен түсінік “Әдемілік”
жақсылықты, адамдағы адалдық пен сұлулықты бейнелейтінін айтады, мораль өнер
үшін іштей алып қарағанда да ешбір байланыссыз емес, ол өнердің бар саласына
өзіндік орнымен байланыста болып келеді. Этикалық бастамасыз эстетикалық
түр-жүйе өзінің гуманистік табиғатын жоғалтады. Өнерде жағымдылық нормасы мен
оның принциптері эстетикалық жүйеде ауысып, өзгере береді. Ол эстетикалық
категориялар - әдемілік пен тұрпатсыздық, асқақтау мен төменділік, қайғылы мен күлкілі
түрлері арқылы болатын көзқарастар қатынасымен қолданылып, бағаланып отырады.
Өнердің оң әрі жағымды әсері, оның өмірдегі шыншылдығына тікелей байланысты. Сол
анықтап отырған заттың түпкі мәнін анықтауда. Қорыта айтқанда шындықтың сол өз
мәніндегі көркемдігінде. Шығарманың жағымды болуына осы шындық қана өз әсерін
тигізеді. Қандайда бір ащы болғанмен шындық бар кезінде жағымды, ол өтірік
барлық кезде де жағымсыз болып қала береді.
Шындық жағындағы өнер бар
кезде жақсылыққа апарады. Мысалы: Дон Кихот, Карл Мор, Степан Разин, Павел
Корчагин, Василий Теркин т.б. бейнелері жағымды болып келеді. Аристотель
енгізген “катарсис” түсінігі жалпы өнердің қатысы мен әсері туралы толығымен
болмақ. Ол адамдаға жағымды әсер беріп, небір күйзелу сәттерінен арылып, рухани
тазаруға, содан адам өзін бір қуанышта, эстетикалық рахатта сезінеді.
Өнер көптеген ғасырлар бойы дін саласымен бірге дамып, бірге араласып
отырады. Осыдан барып идеалистік эстетика, олардың негізінен алғанда
ажырамас
бірге екенін тұжырымдады.
Өнер де жәнеде діни салада да
сезімталдық бастама зор қызмет
атқарады. Дегенмен өнер саласының негізінде жатқан сезім көп жағдайда әртүрлі
болады. Мысалы: өнер мен дінде қиялдың рөлі зор. Дүние жүзіндегі барлық діндер:
христиан, ислам, буддизм, иудизм барлығыда өнерді өз қажеттігіне қарай
қолданады. Сондықтанда дін саласы өнерсіз өмір сүрмейді. Дін көптеген ғасырлар
бойы адамның салауатты өмірінде жоғары
билеуші орында келеді, миллиондаған адамдар өздерінің эстетикалық
қажеттігін осы дін жолы арқылы қанағаттандырып отырады. Сонымен қатар өте ұзақ
тарихи өткелде осы діни өнер көпшілік қауымның эстетикалық нәр алар бірден бір
орны болды. Көптеген ұлы шығармалар діни мәдениетпен байланысты болды. Өнер
жоғарыда айтылған көп саланың ішінде осы философияға жақын, олардың құрылымы да
жақын. Өмірде адамның өсу жолындағы
барлық проблема – оның табиғаты, өмір мақсаты, арманы мен бақыты бәрі-бәрі осы
өнерге де, философияға да бірдей болып келеді. Философияны да, өнерді де
бір-біріне жақындататын екеуінің де бір бағыты – шындықты қалыпты жеткізу. Тағы
да олардың жақын болар жері – ол сезімдік бағалау бастамасының өте зор маңызы
барлығы. Олардың бір-бірінен айырмашылығы, олардың сол өз қатысуларымен шындықты
бейнелеу негізінде. Өнер - өзінің көркемдік бейнелердің құрамында, солармен
бірге екенін көрсеткенде, философия – солай, бірақта өте ауқымды, кең түсінікте, түрде. Өнер
– көркем, бейнелік ойды бейнелесе, философия – түсінікті-логикалық жағын
көрсетеді.