Abstract:
Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға кӛшуі кезінде экономиканы тҧрақтандырудың негізгі буыны – шикізаттық сала болды. Яғни, экономикалық процестерді реттеу ҥшін мемлекет шетел инвесторларын тарта отырып, шикізаттық экспортқа бағытталған ӛндірістік жҥйені қалыптастырды. Бірақ та, уақыт ӛте келе, нарықтық қатынастарға бейімделген ел экономикасының жаһандық процеске сай дамуы ҥшін бҧл саланың тиімсіз екендігі айқындалып, экономиканы әртараптандырудың объективті қажеттілігі туындады. Осы ретте, қолда бар минералдық-шикізаттық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ӛндірістік саланы қайта қҧрудың ролі арта тҥсті. Осылайша, елімізде экономиканың шикізаттық бағытынан ауысу негізінде, шикiзаттық емес салаларда жҧмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық ӛндірістерді қалыптастыру кӛзделді.