Abstract:
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, психологиялық жаңару
үрдістеріне байланысты рухани-адамгершілік құндылықтар құнсызданып, тұлғаның
мәдениеті мен білім деңгейі төмендей бастағанда білім беру жүйесін рухани-ізгілендіру
мәселесі бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізі еркін, белсенді, мәдениетті, тәрбиелі, білімді, үйлесімді
қарым-қатынасқа түсе алатын, айналасындағы адамдармен әріптестік іс-әрекет құра
білетін, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру әрекетімен айналыса
алатын жас азаматты қалыптастыру болса, онда рухани-ізгілік білім берудің маңызы
шешуші орын алады.