Abstract:
Қазіргі таңда өмірімізді мобильдік телефондарсыз елестету қиын. Телефон тек қана сӛйлесу құралы ғана емес ойын-сауық, кәмекші, бизнес құралы болып табылады. 2015 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша әлемдегі мобильдік телефондардың саны 1,9 млрд тең болып, 2016 жылы 2 млрд дейін жетеді деп болжауда [1]. Және де осыншама үлкен кӛлемдегі телефондарға деген сұранысты қанағаттандыратын ӛндірушілер саны да күн санап ӛсуде. Беделді IDC (ағылш. International Data Corporation) компаниясының зерттеуі бойынша 2015 жылы статистикалық мәліметтер әлемдегі мобильдік телефондардың 76,6% Android платформасында жұмыс жасайтындығын кӛрсетіп отыр. Бұл Android платформасының танымалдылығы мен қолжетімділігінің анық кӛрінісі [2]. Осыған байланысты әлемде Android платформасында жұмыс жасайтын қосымшалар мен қосымшалар жасаушыларға деген сұраныс күн санап өсуде.