Abstract:
Мобильді құрылғыларға арналған техникалық жобалардың екі бағыты бар: мобильді веб-сайт және мобильді қолдаңбаны әзірлеу. Мобильді веб-сайт мобильді құрылғыдағы кӛру және пайдалану үшін бейімделген арнайы веб-сайт болып саналады. Сайт сіздің браузеріңізде JavaScript, HTML5, жаңа API элементтерін пайдаланып интерактивті компоненттерді қамтуы мүмкін. Бұл жағдайда, мұндай іске асыру веб-қосымшасы деп аталады. Әрі қарай, оларды шатастырмау үшін, мобильді құрылғының браузерінде жүретін кез келген параметр веб-сайт деп аталатын болады.