Abstract:
Статистикалық мәліметтерге сәйкес қазіргі кезде Жер шарының 1/3 бӛлігінде тұратын тұрғындардың организмдерінде йодтың жетіспеушілігі анықталған. Соның ішінде организмге йод жетіспеушіліктен 700 млн адам эндемиялық зоб ауруына шалдыққан. Елімізде шамамен ересек адамдардың 60%-ы йод жетіспеушілік ауруымен ауырады. Сондықтан организмге йод жетіспеушілік ӛзекті мәселеге айналуда. Себебі йод қалқанша безінің қалыпты функциясы үшін қажет және оның гормондарының(тироксин және трийодтиронин) құрамына кіреді. Бұл гормондар ең алдымен энергия, жылу алмасу және зат алмасу процестерін реттейді. Йод организмнің физиологиялық дамуы мен адамның психикалық күйіне ықпал етеді, ағзаның сыртқы қолайсыз факторларға қарсыласуын жоғарлатады. Йод препараттары арқылы йод жетіспеушілікті шешу жолдары қалқанша безінің қалыпты жұмыс істеу функциясына әкеле бермейді. Егер организмде йод қалыпты мӛлшерден кӛп болса, онда қан және зәр жасушаларында ферменттің, микроэлементтің, витаминдердің жетіспеушілігінен организмде трииодтиронин гормондарының түзілуі тӛмендейді. Бұл мәселелерді шешудің жолы – йодқа және сонымен қатар микроэлементтерге, витаминдерге, полисахоридтерге және тағы басқа қоректі заттардың комплекстеріне бай азық-түлік және препараттарды ӛңдіру. Сондықтан йод жетіспеушілігі байқалатын ӛңірде организмді қалыпты йодпен және тағы басқа қоректі микроэлементтермен қамтамасыз ету жолдарының бірі – ол теңіз ӛнімдері болып табылады