dc.description.abstract |
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң, елдегі білім беру жүйесі үшін де тәуелсіздікке ие болуы қажеттілігі туды. Осыған дейін қолданылып келген оқулықтар мен оқу құралдары заман талаптарына сай болмай шықты. Ел ішіндегі кӛптеген педагогтар мен әдіскерлерге жаңа мектеп оқулықтарын жазу міндеті жүктелді. Алайда, бұл міндеттің толыққанды орындалуы үшін 10-15 жылдық уақыт аз болды және оның себебі алдымен елдегі оқулық жазу мектебінің болмауында. Жетпіс жыл бойы орысша жазылған оқулықтардың аудармалары қолданылып келді десе де болады. Конкурс жарияланғаннан кейін аз уақыт ішінде дайын оқулықтар жазылып шыға келді. Оқулық жазу практикасы кӛрсеткендей, жақсы оқулық аз уақытта жазыла алмайды. Қазіргі қолданыстағы оқулықтар осыған дәлел. Сондықтан Қазақстан оқулықтарының күні әлі тумағанға ұқсайды. |
ru_RU |