Abstract:
Автомобиль жолдарына кӛліктерден түсетін статикалық және динамикалық жүктемелермен қатар температуралық кернеулердің де әсері мол екені белгілі. Жердің жоғарғы қабаттарында температуралық режимнің маусымдық және жылдық ӛзгеруі әсерінен еру және қату процестері үнемі алмасып жүріп жатады. Қоршаған ортаның температурасы әсерінен кӛпқабатты жол құрылымының бойында ӛтіп жататын жылу алмасу процестерін жол тӛсемесінің беріктігін анықтағанда, жол тесемесінң топырақ негізін жобалағанда ескеру қажет. Жердің жоғарғы қабаттарының тәуліктік ӛзгеруі 0.8-1.5 м тереңдіктен аспағанмен /1/, автомобиль жолдарының температуралық жағдайының үнемі ӛзгеріп тұруына, оның бойында жол құрылымының беріктігіне едәуір зиян келтіретін температуралық кернеулердің пайда болуына осының ӛзі жеткілікті. Ал қоршаған ортаның температурасының маусымдық және жылдық ӛзгерістерінің әсері одан да зор болатыны түсінікті. Дегенмен, температуралық ӛрістің ӛзгеру тереңдігі шексіз емес. Белгілі бір тереңдікте жыл мезгілінің маусымдарына қарамастан ол ӛзінің тұрақты шамасын сақтап тұрады. Жердің жоғарғы қабаттары мен жер бетінде орналасқан инженерлік құрылымдардың температуралық жағдайын теориялық тәсілдермен зерттегенде есептің ақырғык шарттарын қою үшін температуралық ӛрістің осы қасиеті кеңінен пайдаланылады.