ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ 9-СЫНЫПТЫҢ ФИЗИКА ПӘНІНЕН КОНТЕКСТІК ТАПСЫРМАЛАР

Дата
2024Редактор
ISBN
978-601-7697-07-5Аннотации
Қазіргі замандағы білім беруде функционалдық сауаттылықтың рөлі өте зор. Әсіресе,
біздің қарастырып отырған мақаламыздағы «9-сынып физикасын оқытудағы контекстік тапсырмалар» оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың маңызын алға қояды. Контекстік тапсырмаларды орындату үшін оқушыларға жаңа технологиялық әдіс-тәсілдермен түсіндіре білу, оларға түсінікті, оңай тілде жеткізе білу, бірге немесе бөлек, топтық тапсырмаларды беру арқылы орындату маңызды болып саналады. Демек, сапалы білім беру, оқушыны зерттеп, педагогтің оқушыға жеке ықпал ете алуы- функционалдық сауаттылықтың бір бөлігі.
