Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
  • Выпуск 2022, №1 (138)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Исторические науки. Философия. Религиоведение
  • Выпуск 2022, №1 (138)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

Көшпенді сал-серілерінің халықтық-діни көзқарастары

Thumbnail
Автор
Ази, Ессентугел А.
Азап, Самет
Садуакас, Нурбол А.
Дата
2022
Редактор
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ISSN
2616-7255
Аннотации
Көшпенділер мәдени мұрасының, соның ішінде қазақ халқының мәдениеті тарихында «серілік» дәстүрдің маңызы зор. Сал-серілер дəстүрді ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық, тағылымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері – қазақ даласының рухани келбеті. Қазақ халқының рухани мәдениетінің басым бөлігі қуғын-сүргінге ұшырап, тыйым салынып, көптеген көрнекті қайраткерлердің, мәдениет пен мәдени дәстүрді жалғастырушылардың есімдері ұмыт қалды. Олардың халыққа қайта оралуы, мәдени өмірге араласуы олар жасаған мәңгілік рухани құндылықтарды тұтас түсіну қажеттілігін тудырады, бұл жалпыадамзаттық мәдениетте өзінің лайықты орнын алуға толық негіз бар. XV-XIX ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-саяси және рухани өмірінде ауызша поэзияның өкілдері – ақындар, жыраулар, салдар мен серілер орасан зор рөл атқарды. Сал мен серілер өз шығармашылығы арқылы алдыңғы ұрпақ тәжірибесінің қайталануын жинақтап, халықтың рухани тәжірибесінің байланыстырушы бастамасы болып табылады. Сал мен сері қоғам қайраткері ретінде болашақты алаңдай отырып, барлық билікке – олардың байларына да, отаршылдарына да дұшпанға айналды. Прогрессивті көңіл-күйді білдіретін, моральдық-этикалық, әлеуметтік-мәдени, философиялық және тарихи идеялар мен танымдарды өз шығармаларында жаңаша бейнелейтін сал-серілер халық мүддесін қорғаушы қызметін атқарды. Сал-серілердің көркем мұрасы шығармашылықтың ерекше түрі болса, олардың бейнесі ұлттық менталитеттің жарқын бір көрінісі деуге болады. Мақалада ұлт мәдениеті, сөз өнері тарихындағы сан алуан өнерді бір басына тоғыстырған, яғни ақындықты, әншілікті, композиторлықты, импровизаторлықты, шешендікті шебер де мінсіз меңгерген қазақтың сал-серілерінің шығармашылығы тарихи-мәдени, әдеби деректер негізінде қарастырылады. Ұлт әдебиеті тарихындағы сөз шеберлерінің ғылыми-шығармашылық еңбегі, тіл мәдениеті, көркемдік ойлау жүйесі, ұлттық рух пен сана, ұлттық-рухани құндылықтары философиялық тұрғыдан баяндалады.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/2106
Открыть
folk-religious-views-of-nomadic-sal-seri_.pdf (397.3Kb)
Collections
  • Выпуск 2022, №1 (138)[5]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
YM
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
YM
Научная библиотека | Контакты