Аннотации:
Қытай демократияны дамыту қауымдастығы орталық комитеті төрағасының
орынбасары, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің 12-ші ұлттық комитеті бас
хатшысының орынбасары, тұрақты комитеттің мүшесі, Йе Шэнтао зерттеу қауымдастығы
тӛрағасының орынбасары, Қытайдың білім беру саясатын зерттеу институтының вице президенті,
China Education 30 форумының мүшесі, Сучжоу университетінің профессоры, докторант жетекшісі
Чжу Юнсин мырза «Қытайдағы жаңаша білім» бағдарламасы аясында оқу-ағарту саласы бойынша
оқырмандардың қызу алғысына ие болған кӛптеген педагогикалық мазмұндағы кітаптардың авторы.
Оның қытай ағартушыларының білім беруді жаңалау мен реформалау жӛніндегі ой пікірлері мен
тұжырымдары Қытайдың ұлттық ерекшелігіне тән жаңаша білім беру ағымын қалыптастыру,
адамның ішкі жан дүниесін дамытуға баса назар аудару, тән мен жанды бір-бірімен байланыстыра
қарау, адамның болмыс-бітімін толық қалыптастыру, сол арқылы болашақ қоғам қайраткерлерін
тәрбиелеуге бағытталу, сапалы білім беруді оқу-ағартудың негізгі ӛзегіне айналдыру туралы
жазылған бұл мақала оқырмандарға ерекше ой салады. Ӛйткені мақалада қытайдың кӛрнекті
ағартушысы Чжу Юнсин мырзаның толыққанды, кемелді адам рухын қалыптастыру бүгінгі күнде
білім беру ісінің ең жоғарғы шыңы екендігі туралы ой-пікір, пайымдаулары бұлтартпас мысалдар
арқылы түсіндіріледі.