Аннотации:
Мақалада автор жаһандану жағдайындағы жалпы білім беру ұйымдарында
жеткіншектердің танымын белсендіру, қазіргі таңдағы өзекті педагогикалық мәселе екендігін
зерттейді. Осыған байланысты, заманауи оқу құралдарын қолдану арқылы оқушылардың
танымын белсендіру, ұстаздар тарапынан оқушының деңгейіне қарай қажетті бағыт-бағдар
беріле отырып, педагогикалық мәселенің шешімін табуға болатындығы қарастырылады.
Сонымен қатар, оқушылардың танымдық белсенділігінің әрбір деңгейінің мазмұнына сатылы тоқталып, жан-жақты анықтамалар беріледі. Мақалада, танымдық белсенділік,
белсенділік, сүйемелдеу ұғымдарына қатысты отандық және алыс-жақын шетелдік
ғалымдардың зерттеулеріндегі анықтамаларға шолу жасалады.