Abstract:
Мақалада мәдениетаралық құзіреттілікке арналған ғылыми еңбектерге
талдау жасалып, колледж студенттерінің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру
факторлары сипатталады. Білім беру жүйесіндегі қазіргі жағдайды зерттей келе
мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту қазіргі мамандар үшін маңызды екеніне назар
аударылады. Мақаланың өзектілігі мәдениетаралық байланыстардың өсуімен, жаһандану
үдерісінің қарқынды дамуымен байланысты. Бұл өзгерістер кәсіби міндеттерді тиімді
орындауға және шетел тілдерінде нәтижелі мәдениетаралық диалог жүргізуге қабілетті
мамандарды даярлауды талап етеді