Аннотации:
Мақала әлеуметтік-педагогикалық қолдауда аутизмі бар балалардың атааналарында трансверсалды дағдыларды дамытудың рөлі мен маңыздылығын зерттеуге
арналған. Аутизм – бұл балалардың оқу, әлеуметтену және қоршаған ортаға бейімделу
қабілеттеріне әсер ететін неврологиялық бұзылыс. Мұндай балалардың ата-аналары көбінесе
балаларына тиімді қолдау көрсету және өздерінің эмоционалдық және психологиялық
қиындықтарымен күресу үшін арнайы құзыреттерді қажет ететін ерекше қиындықтарға тап
болады. Мақалада эмпатия, өзін-өзі ынталандыру, топтық жұмыс, стрессті басқару,
шығармашылық ойлау және т.б. сияқты трансверсалды дағдыларды дамытудың негізгі
аспектілері және олардың аутизмі бар балалардың ата-аналарына тиімді әлеуметтікпедагогикалық қолдау көрсетудегі рөлі қарастырылады.