Аннотации:
Бұл мақалада қазақ тіліндегі мәтіндердегі себеп-салдарлық құрылымдарды (ССҚ) 
аннотациялауды автоматтандыру процесі қаралады. Label Studio сияқты цифрлық 
платформаларды пайдалану мәтіндерді белгілеу процесін едәуір жеделдетуге және 
жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл қазақ тіліндегі NLP-жүйелер мен лингвистикалық 
ресурстарды дамыту үшін маңызды болып табылады. Мақалада белгілеу әдістері, ССҚ 
типологиясы, сондай-ақ шаблондық және машиналық үлгілерді пайдалана отырып, алдын 
ала автоматтандыру нәтижелері ұсынылған.