Аннотации:
Бұл мақалада IBM QRadar ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын 
мониторингтеу және талдау жүйесі қарастырылады. Жүйенің негізгі функциялары мен 
мүмкіндіктері, оның ішінде оқиғаларды жинау және нормализациялау, пайдаланушылардың 
мінез-құлқын талдау және машиналық оқытуды қолдану бағаланды. Сонымен қатар, IBM 
QRadar-ды Splunk, MaxPatrol SIEM және Elastic Security сияқты аналогты SIEM жүйелерімен 
салыстырмалы түрде талдау жүргізілді. IBM QRadar-дың әртүрлі ұйымдарда қолданылуы 
және оны енгізу ерекшеліктері туралы ұсыныстар жасалды.