Аннотации:
Соңғы жылдары әлемдік ғылыми қауымдастықта ерекше назар
аударылып келе жатқан әдістердің бірі – mindfulness немесе осында және қазір
принципіне негізделген саналы зейін практикасы. Бұл әдіс буддистік философиядан
бастау алып, қазіргі заманғы психология, психотерапия, медицина, нейробиология
және білім беру салаларында кеңінен қолданылып келеді. Mindfulness – адамның
қазіргі сәтке бар зейінімен назар аударуы, ішкі және сыртқы тәжірибелерді бағалаусыз қабылдауы мен түсінуін білдіреді. Ол тұлғаның ішкі күйін бақылауға,
эмоцияларын реттеуге, стресті жеңуге және жалпы өмір сапасын арттыруға септігін
тигізеді.