Abstract:
Мақалада студенттердің өмірге қанағаттану стратегияларын зерттеу
нәтижелері қарастырылады. Қазіргі ғылымдағы өмірге қанағаттану проблемасына
қызығушылық осы мәселенің өзектілігі мен маңыздылығының дәлелі болып
табылатын өмір сапасын зерттеу және арттыру контекстінде әртүрлі отандық және
шетелдік психологиялық ағымдардың өкілдерінде көрінетінін атап өткен жөн.
Зерттеу үшін «Өмірге қанағаттану шәкілі / ӨҚШ Динер бланкі» қолданылды.
Өмірге қанағаттану немесе қанағаттанбау субъектінің көптеген әрекеттерін, оның ісәрекеті мен мінез-құлқының әртүрлі түрлерін анықтайды: тұрмыстық,
экономикалық, саяси. Бұл тәжірибелер қоғамдық сананың, топтық көңіл-күйдің,
үміттердің, қоғамдағы қатынастардың маңызды факторы болып табылады. Осы
тақырып бойынша сауалнамалар жүргізілген кезде, адамдар бақыт деп адамның
қуанышын немесе басқа жағымды эмоцияларын сезінетін немесе өмірге
қанағаттанатын жағдайды білдіретіні белгілі болды. Жұмыстың практикалық
маңыздылығы теориялық аспектілерді, алынған мәліметтерді, сондай-ақ жекелеген
әлеуметтік топтардағы өмірге қанағаттануға қол жеткізу стратегияларын зерттеу
үшін тұжырымдарды одан әрі пайдалану мүмкіндігі болып табылады.