Аннотации:
Мақалада адамның өмірінде кездесетін күйзеліс жағдайларымен
күресуге көмектесетін психологиялық ресурстардың мәні қарастырылады. Копингстратегиялар ұғымы мен олардың түрлері сипатталып, эмоциялық және
проблемалық күресуге бағытталған тәсілдердің өзгешеліктері талданады. Әртүрлі
жас топтарында (18-ден 60 жасқа дейін) ерлер мен әйелдердің күйзеліс
жағдайларындағы мінез-құлық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасай
отырып, олардың жиі қолданатынын копинг-стратегиялық тәсілдеріне сипаттама
беріледі. Зерттеу нәтижелері негізінде стрессті реттеуге байланысты стратегиялық
мінез-құлықтың жасқа және жынысқа байланысты ерекшеліктері бар екенін
дәлелденеді. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайларды жеке дамуға мүмкіндік
ретінде қабылдаудың маңыздылығы айқындалады.