Аннотации:
Бұл мақалада цифрлық ортада визуалды назарды зерттеудің
психологиялық аспектілері қарастырылады. Автор eye-tracking технологиясының
когнитивтік процестерді, эмоциялық күйді және қолданушы интерфейсін қабылдау
ерекшеліктерін зерттеудегі тиімді құрал екенін дәлелдей отырып, заманауи шетелдік
және отандық зерттеулерге шолу жасайды. Сонымен қатар, визуалды ақпаратты
қабылдау мен назар шоғырлануының психологиядағы теориялық негіздері, жас
ерекшеліктері мен когнитивтік стильдердің әсері сипатталады. Eye-tracking әдісінің
ғылыми артықшылықтары мен қолдану салалары, сондай-ақ зерттеу процесіндегі
әдіснамалық және техникалық шектеулері де талданады. Мақала нәтижелері
цифрлық коммуникация мен адам–технология өзара әрекеттесуін психологиялық
тұрғыда бағалауға бағытталған.