Аннотации:
Қазіргі заманғы музыкалық мәдениет — бұл үнемі өзгеріп отыратын,
күрделі әрі көпқырлы құбылыс. Осы кең кеңістікте ерекше орын алатын
бағыттардың бірі — к-поп (корей поп-музыкасы). 1990-жылдары Оңтүстік Кореяда
пайда болған бұл жанр бүгінде жаһандық танымалдылыққа ие болып, әлемдік
мәдени үрдістерге елеулі ықпал етуде. К-поп тек музыкалық стиль ғана емес,
сонымен қатар кең ауқымды мәдени құбылыс ретінде жеке тұлғаның дүниетанымы
мен психологиясына әсер етеді.
К-поп жанкүйерлігі жай ғана музыкалық қызығушылық емес, ол жанкүйердің ішкі
әлеміне, өзін-өзі танытуына, әлеуметтік қатынастар жүйесіне және психологиялық
қажеттіліктерін қанағаттандыру жолына айналған күрделі құбылыс. Бұл феноменді
зерттеу — қазіргі жастардың психологиясы мен мәдениетаралық өзара
әрекеттесуін түсінудің маңызды кілттерінің бірі.
Осы жұмыстың мақсаты — К-поп жанкүйерлерінің психологиялық портретін
тұлғалық, мотивациялық, эмоциялық және мінез-құлықтық тұрғыдан кешенді
талдау.