| dc.description.abstract |
Мақала фразеография ғылым саласының теориясы мен практикасын, оның
әлемдегі дамуын және Қазақстандағы жағдайын қарастыруға арналады. Фразеография
ғылымының қалыптасып дамуындағы әртиптес тілдер, атап айтқанда, француз, қытай,
орыс және ағылшын тіл ғылымдарының тарихы мен тәжірибесі талқыланады. Сонымен
қатар отандық фразеографиялық зерттеулердің тәжірибесі мен қазіргі жағдайы да
қарастырылады. Фразеографиялық өнімдердің заманауи ғылым кеңістігіндегі
цифрландырылуы мәселесінің өзектілігіне шолу жасалады. Отандық лингвистика және
аударматану ғылымдарының әдістемесі арқылы жүзеге асырылуы тиіс түйткілді
мәселелер баяндалады. Цифрлық фразеографияны дамыту үрдісінің жаңа мүмкіндіктерге
жол ашатыны сөз етіледі. |
ru |