Abstract:
Мақалада Патрисия Уоллейстың «Интернет психологиясы» атты
кітабындағы виртуалды тұлға тілінің қазақ тіліне аударылуы зерттелді. Аудармашының
авторлық стилі, қолданған тәсілдері, кітап мазмұнының ұлттық болмысқа сәйкестігі
зерттеліп, сұрыпталды. Аудармашының баламасыз лексиканы аударудағы тәсілдері, ой
мәнін жоғалтпауға тырысуы талқыланды. Мәтін психологиямен байланысты
болғандықтан аудармашының да адам жанына терең үңіле білуі талқыланған.