Abstract:
Бұл мақалада импорттық тауарлардың өзіндік құнын есепке алу әдістемесі ХҚЕС
(IAS 2) және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы негізінде қарастырылады. Импорттық
тауарлардың өзіндік құнын дұрыс есептеу кәсіпорындардың қаржылық есептілігін қалыптастыруда және
салықтық міндеттемелерді орындауда маңызды рөл атқарады. Мақалада сатып алу бағасы, импорттық
баждар мен салықтар, тасымалдау шығындары, өңдеу шығындары және басқа да шығындардың есепке
алынуы көрсетілген. Сонымен қатар, ҚҚС салықтық есепке алу тәртібі және оның тауардың өзіндік
құнына қосылуы туралы түсінік берілген. Бухгалтерлік жазбаларды дұрыс жүргізудің маңыздылығы да
атап өтілген. Мақала импорттық тауарлардың өзіндік құнын есепке алу әдістемесінің тиімділігі мен оның
салықтық міндеттемелерді дұрыс орындауға ықпалы туралы тұжырымдар айтылған.