Аннотации:
Бұл мақалада көне Қытай философиясының моральдық мәселелері мен
ағымдары қарастырылады. Қытай философиясы даосизм, конфуциандық және фа-цзя
мектептерінің негізінде қалыптасқан. Әрбір ағымның өзіндік ерекшеліктері мен әлемге деген
көзқарасы бар, олар Қытай қоғамында маңызды рөл атқарды. Даосизм табиғатпен үйлесімді
өмір сүруге негізделген болса, конфуциандық адамгершілік және моральдық құндылықтарды
насихаттайды. Фа-цзя мектебі мемлекеттік басқару мен заңдылықтарды күшейтуді мақсат
етеді. Мақалада осы философиялық ағымдардың тарихи, әлеуметтік және моральдық
аспектілері зерттеледі.