Abstract:
Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда кітап оқудың
теориялық негіздері отандық, алыс-жақын шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде
анықталған. Балаларға кітап оқудың мүмкіндіктері, балалардың жас ерекшелігіне қарай кітап
оқып берудің түрлері, кезеңдері және оқып берудің әдістемесі берілген. Кітап оқудың әдістерін
тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тиімділігі дәлелденіп, ұсыныстар берілген.