Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстан Азаматтарының қоғамдық
мемлекеттік аудитке қатысуының маңыздылығы қарастырылады. Қазақстан
Республикасы Конституциясында халықтың мемлекеттік биліктің негізі
екендігі атап көрсетілгенімен, азаматтардың мемлекеттік аудит процесіне қатысу деңгейі төмен болып отыр. Зерттеуде мемлекеттік аудиттің
құрылымы, оның түрлері және аудит объектілерінің тізімін бақылау
мүмкіндіктері талданады. Сондай-ақ шетелдік тәжірибелер, атап айтқанда,
Аргентина, Оңтүстік Корея және АҚШ елдеріндегі аудитке азаматтардың
қатысу үлгілері қарастырылады. Осы елдің тәжірибесіне сүйене отырып,
Қазақстанда мемлекеттік аудиттің ашықтығын арттыру және
азаматтардың бақылау процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету
бойынша ұсыныстар беріледі.