Аннотации:
Қазіргі заманғы мемлекеттік басқару жүйесінде тиімділік пен
ашықтықты арттыру өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекеттік
басқарудың заманауи талаптарына сәйкес, бизнес-процестерді оңтайландыру
мен цифрландыру мемлекеттік аудит жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін
арттыруға ықпал етеді. Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың бизнеспроцестерін реинжинирингтеу маңызды құрал ретінде қарастырылады. Бұл әдіс
мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттырып, экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге ықпал ете алады. АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі (IRS)
салықтық әкімшілендіру және алаяқтықты анықтау үшін жасанды интеллектті
белсенді қолдануда. Жасанды интеллект салық декларацияларын өңдеуді
автоматтандырып, мемлекеттік аудиторлардың қаржылық бұзушылықтарды
анықтау жылдамдығын арттырады. Осы мақалада мемлекеттік органдардағы
бизнес-процестердің реинжинирингі ұғымы, оның мемлекеттік аудит жүйесіне
әсері және тиімділікті арттырудағы рөлі қарастырылады.