Abstract:
Қазіргі кезде мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың
маңызы үнемі артып келеді.Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау мемлекет
дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге,бюджет қаражатын
ұтымды пайдалануға үлкен әсер етеді. Мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру мен
қаржылық бақылау механизмдерін күшейту мемлекет үшін аса маңызды болып
табылады. Мемлекеттің қаржылық бақылау жүйесінің ашықтығына және
сенімділігінің арттыруына ықпал етеді.Мемлекеттік аудит мемлекетке
қаржылық операцияларды бақылап, экономикалық саясаттың дұрыс жүзеге
асуын бақылауға мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибелерді зерттеу, оларды
отандық тәжірибемен салыстыра отырып жергілікті жағдайларға бейімдеуге
болатын ең тиімді және оңтайлы нұсқаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мақалада мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың негізгі принциптері
және де шет елдік тәжірибе қарастырылады.