Abstract:
Мақала сыртқы мемлекеттік аудиттің ашықтығын арттырудағы
тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызы мен рөліне арналған. Қазіргі заманғы
мемлекеттік басқаруда аудиторлық тексерулердің ашық жүргізілуі мен
тәуекелдердің басқарылуы маңызды орын алады. Бұл жұмыс мемлекеттік
органдардың тиімділігін арттыруға бағытталған тәуекелдерді басқару
жүйелерінің дамуы, сыртқы аудиттің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен
ашықтығы жайында қарастырылған. Аудиттің ашықтығы тәуекелдерді басқару
стратегияларының тиімді жүзеге асуына, халықтың сенімін арттыруға септігін
тигізеді. Мақалада бұл үдерістерді жақсартудың жолдары мен олардың маңызы
талданады.