Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстанның ұлттық атом компаниясы –
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаржылық есептілігі мен қызметіндегі
аудиторлық тәуекелдер, жосықсыз әрекеттер және ішкі бақылау жүйелерінің
тиімділігі талданады. Компанияның стратегиялық маңызына байланысты оның
қаржылық есептілігінің ашықтығы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігі
ерекше назарда. Мақалада Халықаралық аудит стандарттары (ХАС 240, 250, 550)
мен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС 15) негізінде
компанияда орын алуы мүмкін қаржылық бұрмаланулар, байланысты
тараптармен мәмілелер, баға демпингі және уран экспортына қатысты
тәуекелдер қарастырылады. Сондай-ақ, аудиторлық процедуралар мен
ұстанымдар ұсынылып, компаниядағы корпоративтік басқаруды жетілдіру
жолдары көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде тиімді аудит пен ішкі бақылаудың
«Қазатомөнеркәсіптің» тұрақты дамуына және инвесторлардың сенімін
арттыруға ықпал ететіні анықталды.