Abstract:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік ресурстарды тиімді басқару және
бюджеттік қаражатты ашық пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттік аудиторлардың біліктілігін арттыру өзекті міндетке айналды.
Мақалада Қазақстандағы сертификаттау жүйесінің нормативтік-құқықтық
негіздері талқыланып, салыстырмалы талдау шеңберінде АҚШ, Австралия,
Испания, Литва, Молдова, Польша, Сербия және Чехия елдерінің тәжірибесі
қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде үздіксіз білім беру, тәлімгерлік және
материалдық ынталандыру шараларының маңызы айқындалып, нормативтік
келіспеушіліктерді жою және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты
дамыту ұсынылды.