Abstract:
Сыбайлас жемқорлыққа және мақсатсыз шығыстарға қарсы
күресте мемлекеттік аудиттің рөлі мемлекеттік қаражатты басқаруда ашықтық
пен есептілікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұста аудит бюджет
қаражатын пайдаланудағы бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі.
Мемлекеттік органдардың қаржылық қызметіне тексеру жүргізу және талдау
жүргізу арқылы аудиторлар мемлекеттік ресурстардың нысаналы және тиімді
пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы мемлекеттік аудиттің маңызды міндеті ықтимал тәуекелдер
мен есептіліктегі сәйкессіздіктерді анықтау арқылы сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу, сондай-ақ қаржылық тәртіпті жақсарту және мемлекеттік
шығыстардың ашықтығы бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Мемлекеттік аудит жұмысының маңызды бөлігі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерінің алдын алу болып табылады, бұл қоғамның мемлекеттік
құрылымдарға деген сенімін арттыруға және қаржылық тәртіпті жақсартуға
ықпал етеді.