Abstract:
Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алудың тиімділігін арттыру
мәселесі өте маңызды, өйткені ол ел бюджетінде маңызды орын алады және
мемлекеттік бюджет шығыстарында азаматтардың үкіметке сенім деңгейі
маңызды рөл атқарады. Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты
бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, мемлекеттік аудит
объектісіне камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды
дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік
жүктемені азайту болғандықтан, оның экономикадағы рөлі мен басқа елдердегі
құрылымы жеке талқылануы қажеттілігі осы мақалада қарастырылған. Мұндай
талдау елдің бюджеттік ақпаратына қолжетімділік деңгейін және мемлекеттік
шығыстарды қадағалау сияқты маңызды үдеріске қоғамның қатысу дәрежесін
анықтауға мүмкіндік береді.