Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардағы
алаяқтық мәселелері және ішкі аудит жүйесінің алаяқтыққа қатысты
тәуекелдерді басқарудағы рөлі қарастырылады. Қазақстандағы ағымдағы
жағдайға талдау жүргізіліп, қаржылық алаяқтық, интернет алаяқтық және банк
секторындағы құқықбұзушылықтарға ерекше назар аударылады. АҚШ пен
Еуропаның тәжірибесімен салыстырмалы талдау жүргізіліп, алаяқтықпен
күресуде заманауи цифрлық технологиялар мен халықаралық
ынтымақтастықтың белсенді қолданылатыны көрсетіледі. Мақалада ішкі аудит
пен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар
ұсынылады, соның ішінде заманауи аналитикалық жүйелерді енгізу,
ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және заңнаманы жетілдіру.