Аннотации:
Бұл мақалада қонақ үй табыстылығын басқарудағы түнгі аудиттің рөлі
қарастырылады. Түнгі аудит қонақ үйдің қаржылық істерін тексеріп,
бағаларды оңтайландыру, қателіктерді анықтап, қосымша қызметтерді сатуды
арттыру арқылы табысты басқаруға көмектеседі. Заманауи технологиялар мен
автоматтандыру жүйелерінің енгізілуі түнгі аудиттің тиімділігін арттырып,
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мақалада сондай-ақ түнгі
аудиттің негізгі функциялары, оның табыстылыққа әсері және бұл процесті
жетілдіру жолдары қарастырылған.