Аннотации:
Бұл мақалада нөлдік энергия тұтынатын ғимараттар (Zero-Energy Buildings,
ZEB) тұрақты сәулет пен энергетикалық тәуелсіздіктің негізгі компоненті ретінде
қарастырылады. Заманауи технологиялар, әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделу және
экономикалық тиімділік тұрғысынан жаңа деректер талданады. Басты назар энергия
тұтынуды басқарудың интеллектуалды жүйелеріне, инновациялық материалдарға және
жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау әдістеріне аударылады. Астана мен
Алматыдағы ZEB ғимараттарын қолданудың тиімділігі салыстырылып, Қазақстан
жағдайындағы өтелімділік есептеулері жүргізілді. Сонымен қатар, ZEB технологияларының
жаһандық даму перспективалары, ықтимал кедергілер және оларды шешу жолдары
зерттелді.