Abstract:
Монографияда фольклор туындылары негізінде жанр мен
поэтика мәселелері қарастырылған. Фольклорлық сана аясында
фольклортану нысанындағы формалар мен категориялардың
қалыптасуы талданған. Жанрлардың даму эволюциясындағы мәтін
модификациясы, фольклор прагматикасы, поэтикалық жүйесі
классикалық және бүгінгі фольклор ракурсында зерделенген.
Көркемдік ойлау аспектісінде әдеби-фольклорлық сабақтастықтың
теориялық проблемалары сараланған. Зерттеу ісіндегі тарихитипологиялық, тарихи-генетикалық талдау жұмыстары, мифологиялық
кейіпкерлер қатарындағы қаһарман сипатының шығу тегі мен даму
дәрежесі түркілік таным аспектісінде көрінген. Осылайша ұлттық
ерекшеліктің айқындалуы оның фольклорлық дәстүрге қосқан үлес
сипатын анықтауға ықпал еткен.