БОЛАШАҚ ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ҮЛГЕРІМІ МЕН ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Дата
2025ISBN
978-601-08-5373-7Аннотации
Бұл мақалада эмоционалды интеллекттің студенттердің оқу жетістігі мен
болашақ кәсіби табыстылығына әсері қарастырылады. Ғылыми әдебиеттер мен зерттеулерге
сүйене отырып, эмоционалды интеллекттің құрылымы, оның танымдық қабілеттермен,
мотивациямен және өзін-өзі бағалаумен байланысы талданады. Эмоционалды интеллект тек
жеке тұлғаның эмоционалды жағдайын түсінумен шектелмей, сонымен қатар, кәсіби және
академиялық қызметтегі жетістікті анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде
қарастырылады. Сондай-ақ, психолог мамандар үшін қажетті кәсіби қасиеттер мен
қабілеттердің эмоционалды интеллект құрылымындағы орны сипатталады. Зерттеу
нәтижелері эмоционалды интеллектті дамытудың маңыздылығын көрсетеді және кәсіби
дайындықтың тиімділігін арттыруға ықпал ету жолдарын ұсынады.
